Дизайн квартиры в Алматы ЖК Байсал 2х-комнатная квартира 128м2

Қайырлы күн!
Айдананың жұмысы дизайндағы жаңа ашулармен ерекшеленеді. Клиенттің
ішкі қалауын және көзқарасын түсіне біліп өзінің жұмысымен үйлестіре білді. Нақтырақ
айтқанда, менің көргім келгені:
1. функционалдық
2. флора мен фауна
3. американдық классика
Бұның бәрі ескерілді және жүзеге асырылды. Авторлық қадағалау жоғарғы
дәрежеде өтті, тек кейбір оқшаулықтар дизайнерден емес, құрылысшылар тарапынан
анықталды. Авторлық қадағалау барысында, клиент жоспарға кейбір өзгертулер енгізді,
дизайнер өз кезегінде уақытылы ескеріп, жаңа толықтырулар еңгізді. Жұмыс барысында,
дизайнер өзіннің кәсіпқойлық дәрежесін көрсетті, өте сыпайы, клиенттің ойымен санаса
білді, қажетті жағдайда сабырлық танытты. Жобаның бастапқы кезеңінен соңына дейін
мейірімділік танытты. Кемшіліктерді атап кететін болсам, өзінің жүзеге асырып жатқан
жобаларының көп болғандығынан, менің тарапымнан болған сұратуларға лезде жауап
бермеді. Онымен қоса көптеген салондармен өзара жұмыс жасауын тілер едім. Егер,
дизайнердің жұмысын бес балдық шкаламен бағаласам « - 5 » деген бал. Минустың
болуы, менің ойымша, үлкен тәжірибенің тапшылығынан.
Жұмысына табыс және сәттілік тілей отыра, тәжірибенің көп жинақталуын және
жаңа шешімдер мен ойларды ұялмай ұсынуды, онымен заттардың құнын және техникалық
тапсырмаларды орындау барысында ескерілуін тілеймін

Смотреть фото объекта ↓